🔥 949 қатысушы. 13 аудан. Жаңа жетістіктерге жол ашатын кезең!
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталады!
Мектепішілік және аудандық кезеңдер артта қалды. Енді 949 оқушы өз білімін сынап, күрделі тапсырмаларды шешіп, жаңа белестерге қадам басады.
📍 Олимпиада облыстың жеті алаңында өтеді. Барлық мәлімет постерлерде!
Барша қатысушыларға сәттілік, өз күшіне сенім және жоғары нәтиже тілейміз! 🚀

