Өткен оқу жылындағы жоғары жетістіктерімізді бағалап, бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күніне орай лицейімізге ерекше тосынсый жасаған «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бахыт Мырзағалиқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Ұстаздарымыз бен оқушыларымызға үлкен диагональды заманауи теледидарды сыйға тартуы – білім саласына деген қолдаудың, жанашырлық пен сенімнің жарқын көрінісі.
Осындай қолдау бізге жаңа белестерді бағындыруға, биік шыңдарға ұмтылуға ерекше серпін береді. Себебі әрбір жасалған жақсылық – үлкен жетістіктерге бастайтын мотивация мен шабыттың қайнар көзі.
Білім мен ғылымға көрсеткен қолдауыңыз үшін мың алғыс!
Бірлесе отырып, бұдан да биік шыңдарды бағындыра берейік! 🏆

