17-21 наурыз аралығында Астана қаласында жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша 9-11 — сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Біздің команданы өңірдің 12 оқушысы ұсынды,оның ішінде «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ 2 оқушысы: физика пәні бойынша III орын – Остафейчук Роман, математика пәні бойынша III орын – Аксенов Данила.
2 қатысушыға үздік жетістіктері үшін грамоталар табысталды: Рамазанов Санжар — «Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық мамандандырылған лицей-интернаты « КММ оқушысы; Глухих Егор — «Бірінші гимназия»КММ оқушысы.
Остафейчук Роман және Аксенов Данила Білім беру грантын алу туралы сертификаттың иегері атанды.