2024 жылдың 24 — 28 наурыз аралығында Алматы қаласында 2-4 — сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Республикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды қолдау, анықтау арқылы командалық жарыстарға қатыстыру және бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қарым- қатынас қалыптастыру.
Республикалық математикалық олимпиадаға Солтүстік Қазақстан облысы жалпы білім беру мекемелерінің облыстық кезеңінен өткен 2- 4 -сыныптар арасынан 6 оқушы қатысты.
Төрт күнге созылған республикалық олимпиада 3 турдан тұрды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша өңіріміздің орыс тілді лигасының командасы жүлделі орынға ие болып, Ⅲ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар: Мардасова Мария- 2- сынып оқушысы, Елисеев Степан-3 – сынып оқушысы, Бондаренко Денис- 4 — сынып оқушысы.
Екі оқушымыз бұл олимпиадада жеке сынақ бойынша жүлдегерлер атанып, Ⅲ дәрежелі диплом иегері бола білді. Олар: Абильмажинов Алихан, Мардасова Мария.
Қатысқан оқушыларымыздың барлығы: Сәрсенбиева Адия, Абильмажинов Алихан, Ғалымжанұлы Шыңғыс, Елисеев Степан, Бондаренко Денис, Мардасова Мария «Дарын» РҒПО атынан қатысушы сертификаттарын иеленді.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы