📚 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында өткен Республикалық «Махамбет оқулары» байқауында Солтүстік Қазақстан облысының намысын 4 номинация бойынша қорғаған команда бақтарын сынады!
🌟 Ситникова Маргарита, Өтеген Аңсар, Ахаев Асылхан, Тоғайбай Аяна — шабыт мен рухты ұштастырып, сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.
⛰️ Сіздерді алда әлі талай асулар мен жарқын жетістіктер күтіп тұр деген сенімдеміз!
Қатысушылардың ішінде Уәлиханов ауданы, Әуезов ОМ-ның 10-сынып оқушысы Тоғайбай Аяна 🏅 өзінің өнерімен көзге түсіп, грамотаға ие болды!
🔥 Жалынды жыр мен рухты сөздің қуатын жүрекпен жеткізе білген Аянаға алғыс айтамыз!
📖 Ізденістен танбай, ✨ шабыт пен сенім жолынан тайма!
🌟 Жұлдызың әрдайым жарық болсын! 💫