🎓 9–11- сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша олимпиада
💡 Біліміңді тексер — болашағыңды басқар!
Мектеп оқушыларын XXI ғасырдың маңызды дағдыларына арналған олимпиадаға қатысуға шақырамыз:
қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік.
📍 Өткізу форматы: 4 кезең
🔹 I кезең (мектепішілік) — 2025 ж. 17 қазан
🔹 II кезең (аудандық / қалалық) — 2025 ж. 14 қараша
🔹 III кезең (облыстық) — 2025 ж. 15 желтоқсан
▶️ II және III кезеңдер Safe Exam Browser платформасында онлайн өтеді
🔹 IV кезең (республикалық) – 20 мамырдан кешіктірілмей
🌍 Ертеңгі күніңе сенімді болғың келе ме?
💳 Ақшаны дұрыс басқаруды үйреніп, алаяқтарға алданғың келмей ме?
🧠 Стандарттан тыс тапсырмаларды шешіп, мықтылармен сайысқа түскің келе ме?
🙌 Мүмкіндікті жіберіп алма!
Олимпиадаға қатысу — тек білімді тексеру емес, сенімді әрі қауіпсіз болашаққа жасалған нақты қадам.