2025 жылғы 20-21 мамыры аралығында Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Әбіш оқуларының» республикалық кезеңі өтеді.
«Әбіш оқуларын» «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Маңғыстау облысы білім басқармасымен бірлесіп өткізеді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын терең түсініп, көркем жеткізу арқылы өнерлерін паш етпек.
Біздің өңірден «Әбіш оқулары» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары, 8-9-сынып оқушылары — Есқақ Аяулым, Шайсултанова Дильназ және Дәулет Інжу қатысады!
Байқау – сөз құдіретін сезініп, рухани байып, тұлғалық қалыптасуға үлкен қадам.
Дарынды жастарымызға сәттілік, жарқын әсерлер мен шабыт тілейміз!