Аудандық және қалалық кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен 35 дарынды шәкірт облыстық байқауда өз өнерлерін ортаға салды.
Талапты жастар Дауылпаз бабаның ұрпаққа аманат еткен асыл мұрасын ұлықтап, ұлттық өнердің құдіретін танытты. Әрбір қатысушының өнерінен баба рухына деген құрмет, туған елдің тарихы мен рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілік айқын көрініс тапты. Өнерлері өрге жүзсін, жас өрендер жолы әрдайым ашық болсын!

