Дәстүр бойынша «Қызылжар дарыны» орталығы «Ауыл мектебінің үздік оқушысы» республикандық атағы берілген оқушыларды құттықтайды.
Бүгін – өз жеңімпаздарымызбен ерекше кездесу.
Бұл жоба үшінші жыл қатарынан еліміздің ең үздік ауыл оқушыларын біріктіріп келеді. Ал біздің облыста оның өз даму қарқыны бар: 2023 жылы алғашқы велосипед Айыртау ауданына жол тартса, келесі жылы Тайынша ауданына бұйырды, ал биыл екі бірдей велосипед қайтадан Айыртау ауданына оралды. Бұл – кездейсоқтық емес, бұл-өсу, табандылық пен нәтижелі еңбектің көрінісі.
Биылғы жылдың ерекше мақтанышы – республикалық олимпиадада өз білімін дәлелдеген ауыл мектептерінің 10-сынып оқушылары:
Козлова Евгения, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2 – орыс тілі мен әдебиеті пәнінен I орын;
Коринец Артём, Саумалкөл ОМ №1 – ағылшын тілі пәнінен III орын.
Бұл – тек жеңіс емес, еңбек, табандылық және өз-өзіне деген сенімнің нәтижесі.
Бүгін оларға велосипедтер табысталды – бұл алға ұмтылыстың, даму қарқынының және жаңа биіктерге жетелейтін талпыныстың символы.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы