🏫 Ауыл мектептері арасындағы Республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңі бастау алды.
📅 28–29 қазан – білім, жігер және жаңалықтарға толы екі күн!
Облыстың 8 орнында 13 пән бойынша іріктеуден өткен 661 үздік оқушы кездеседі.
🎯 Олимпиаданың мақсаты – ауылдан шыққан дарынды оқушыларды табу, қолдау және олардың шырағын жағу.
💡 Біз: әрбір қатысушы табандылығын, адалдығын және өзіне деген сенімін көрсетеді деп сенеміз.
Сіздер жеңіске бір қадам жақындадыңыздар – енді соңына дейін барыңыздар! 💪
🌟 Баршаңызға сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!
Олимпиада – сіздің үлкен жетістіктерге бастар алғашқы қадамыңыз болсын! 🚀



