🎓 Kozybayev University – қазылар алқасының кәсіби жұмысы, қонақжайлық пен экскурсиялар, сыйлықтар және жүлделермен өткен жарқын ашық есік күні үшін;
🧠 Психологиялық қолдау орталығына – қатысушыларға арналған мотивациялық тренингтер мен жылы атмосфера үшін;
🏫 №1 арнайы мектеп-интернаты мен Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының ұжымдарына – жайлы жағдай, дәмді ас, қамқорлық пен Олимпиаданы ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін;
🎭 Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына – шабыт сыйлаған әсерлі қойылым мен жарқын эмоциялар үшін;
🚔 Петропавл қаласының жол-патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлеріне — оқушыларға көрсеткен қамқорлығы мен жол бойындағы қауіпсіздікке жауапкершілігі үшін;
🏢 Облыстың жеті ауданындағы білім бөлімдері мен мектептеріне – белсенділік танытып, алаңдарды ұйымдастырып, Олимпиаданың сапалы өтуіне қолдау білдіргендері үшін.
Барша серіктестердің ортақ еңбегі арқасында Олимпиада жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға ұмытылмас тәжірибе сыйлады! 🌟



