Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастыру мәселелері жөнінде Zoom платформасында онлайн форматта кеңес өтті.

Жиналысқа дарынды балалармен жұмыс жөніндегі әдіскерлер мен аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері қатысты.

Негізгі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды: үш өткізу орны белгіленді, қатысушыларды орналастыру мен логистика, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол полициясының ілесіп жүруі, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері қарастырылды.

Академиялық адалдықты сақтау және процестің ашықтығы мақсатында онлайн-трансляциялар арқылы бақылау мәселесіне ерекше назар аударылды.

🤝 Барлық қатысушыларға белсенділік пен мазмұнды диалог үшін алғыс білдіреміз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы