«Қызылжар дарыны» орталығы алғаш рет Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін халықаралық ғылыми сараптама стандарттарына сай «көрме-жәрмеңке» форматында ұйымдастырды.

💡 Бұл форматта әрбір қатысушы өз жобасын ашық алаңда ұсынып, әр жұмыс ғылыми экспозицияның бір бөлігіне айналды. Зерттеу бағыттарының алуан түрлілігін көрсетуге, әр идеяның ерекшелігін айқындауға, нағыз ғылыми форумның атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

🎓 🎓 Оқушылар үшін бұл байқау тың форматтағы тәжірибе болды – олар өз жобаларын тек қазыларға емес, ашық алаңда таныстырып, қатарластарымен ғылыми идеялар алмасуға мүмкіндік алды.

👏 Біз жаңа форматтың өз тиімділігін дәлелдегеніне және қатысушыларға шабыт бергеніне қуаныштымыз.
Бұл – ғылыми жобалар конкурсына заманауи, ашық әрі қызықты көзқараспен қараудың жаңа қадамы.

📊 Конкурс нәтижелері біздің ресми сайтымызда қолжетімді. 👉

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы