
ҒАБДУЛЛИНА БАХЫТ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ
директоры
Білімі және біліктілігі
- «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім
- «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша педагогикалық ғылым магистрі
- Педагогикалық еңбек өтілі — 23 жыл
- Бірінші санатты басшы біліктілігі бар
- Педагог-шебер, сертификатталған жаттықтырушы, оқулықтарды және ОӘК сараптау бойынша сарапшы
Кәсіби жолы
1998-2012 жылдары – мұғалім, Петропавл қаласының және СҚО Шал ақын ауданы білім ұйымдарының әдіскері, сондай-ақ «Ақан-Барақ ОМ» КММ және «М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицей» КММ-нің мұғалімі.
2012-2024 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Әдістемелік қызметінде жұмыс.
- Мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру
- Тәрбие жұмысы
- Педагог кадрларын курстық даярлау
- Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді әдістемелік сүйемелдеу бағыттарына басшылық жасады.
Республикалық жұмыс топтарының, облыстық педагогтар қауымдастықтарының қызметін үйлестірді, мектепішілік бақылау бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысты, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізді.
Кәсіби жетістіктері
- Облыстық және республикалық сараптамалық кеңестер мен комиссиялардың қатысушысы және мүшесі
- Әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының авторы және бірлескен авторы
- Облыстық жобалар мен тәжірибелік алаңдарды ұйымдастырушы
- Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері
Марапаттар мен құрмет
- СҚО Білім басқармасы, облыс әкімінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамоталары
- 2022 ж. — М. Жұмабаев атындағы өңірлік ерекшелік төсбелгісі
- 2025 ж. — Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Ы. Алтынсарин атындағы медаль
📞 Байланыс ақпараты
Телефон: 8(7152) 32-00-20
E-mail: ms.eskulova@mail.ru



