Туған еліңе деген сүйіспеншілігіңді өнер арқылы көрсет!
Дарынды балалар мен педагогтерді Республика күніне арналған облыстық шығармашылық кездесуге шақырамыз!
🎤 Ән, музыка, көркемсөз
🎭 Театрландырылған қойылым
🎨 Сурет, авторлық туынды немесе шығармашылық жоба
Педагогіңмен бірге өз идеяңды жүзеге асырып, Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен болашағы туралы ойыңды бөліс!
Бұл-жарыс емес, ортақ шығармашылық пен шабыт тоғысатын кездесу. Мұнда әр дауыс маңызды!
📌 Өтінімдер білім бөлімдері арқылы қабылданады. Әр білім бөлімі іс-шараға бір ғана қатысушыны ұсынады.
📅 2026 жылғы 20 қазан, сағат 10:00
📍 Петропавл қаласы, Оқушылар сарайы, 2-қабат, конференц-зал
«Бір елдің мың үні» – еліңді өнеріңмен таныт!

