✨ Бүгін «Қызылжар дарыны» орталығының ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын мұқият тыңдады.
📌 Ғылым мен білім беруді дамыту, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу, білікті мамандарды елге қайтару, сондай — ақ нағыз кәсіпқойларды даярлау басты назарда.
Президент атап өткендей, адами капитал — білім, жауапкершілік және құзыреттілік — Қазақстанның табысты болашағының негізі болып табылады.
Біз стратегиялық курстан шабыт алып, өңірдің дарынды балалары мен жастарын қолдай отырып, оны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.