📚 Бүгін облыстық Кәкімбек оқуларының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Биылғы жылы бұл байқауға аудандық және қалалық кезеңдерден іріктеліп өткен 37 оқушы қатысып, ақын, жазушы Кәкімбек Салықовтың шығармашылығын дәріптеу, оның поэзиясын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу мақсатында өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау барысында қатысушылар көркемсөз оқу, автор шығармалары негізінде эссе жазу, музыкалық және шығармашылық бағыттар бойынша бақ сынасты.

🎉 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы