Бұл алаңда аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары болған 89 педагог бас қосты. Олар заманауи әдістер мен оқыту технологияларын қамтитын 11 бағыт бойынша өздерінің үздік авторлық шешімдерін ұсынды.

Фестиваль республикалық қозғалыстың бір бөлігі ретінде құнды инсайттар, тәжірибе алмасудың қуатты алаңы болып, кәсіби дамуға үлкен серпін берді. Атмосфера энтузиазмге, қолдауға және болашаққа деген батыл көзқарастарға толы болды 🌟.

Бұл күн көптеген қатысушылар үшін жаңа жобалардың бастауына, тың идеялардың тууына және болашақ жеңістерге жол ашқанына сенімдіміз! 🚀📚

Хаттамалар «Қызылжар дарыны» орталығының сайтында жарияланды. Қатысушыларды, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Шабыт пен шеберлік мерекесін сыйлаған баршаңызға алғыс айтамыз.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы