Бүгін оқу-жаттығу жиындарынан оралған 20 оқушыны қарсы алдық.
Солтүстік Қазақстан облысының жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадалық резервіне енген оқушылар он күн бойы теория мен практиканы ұштастырып, олимпиадалық тапсырмалар орындап, тренерлармен бірге білімдерін шыңдады.
Бұл “Қызылжар дарыны” орталығының олимпиада маусымына жүйелі дайындық бағытындағы маңызды қадамдарының бірі. Сапар барысында жол жүру, тұру, тамақтану, оқу үдерісі мен қауіпсіздікке дейінгі барлық жағдай ұйымдастырылып, бүгін оқушылар үйлеріне аман-есен, жаңа білім мен жақсы әсер алып оралды.
Ендігі мақсат – осы тәжірибені нәтижеге айналдыру. Алда оқушыларға, педагогтер мен ата-аналарға ортақ үлкен жұмыс тұр. Себебі олимпиададағы жетістік жүйелі дайындық пен үздіксіз еңбектің нәтижесінде келеді.
Жиын аяқталды, дайындық жалғасуда. Алда – жаңа белестер!

