Кездесуге өңірімізді республикалық деңгейде таныстыратын педагогтер қатысты. Негізгі назар педагогикалық идеялардың мазмұнына және оларды мағыналы, жүйелі түрде ұсынуға аударылды.
🎓 Сессияның сарапшысы — профессор, педагогика ғылымдарының докторы Мурзалинова Алма Жакимовна.
Оның кәсіби сараптамасы қатысушыларға өз идеяларына жаңа қырынан қарауға, мықты тұстарын айқындауға және республикалық кезең алдындағы даму бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.
✨ Кездесу кәсіби шабыт пен сенімділік сыйлады. Бүгін өңірімізді лайықты әрі сапалы таныстыру жолында маңызды қадам жасалды.



