🔥 Бүгін «Серебряный бор» лагерінде оқу-жаттығу жиындары басталды! Бұл жерде облыстың ең мықты 37 оқушысы – жаратылыстану-математика бағытындағы Олимпиадалық резерв жиналды.
Алда үш күн қарқынды дайындық:
⚡ биология, химия, математика, география
⚡ EDLIGHT ACADEMY (Астана) кәсіби жаттықтырушылары
⚡ есептерді шығару, қателерді талдау және кешкі зияткерлік сайыстар
🚀 Бұл – бүгіннен-ақ жетістіктерге жол ашып жатқан болашақ команда.