Республикалық зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңі: ізденіс пен батыл идеяларға шекара жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді!

💡 245 қатысушы — 2–7 сынып оқушылары
📚 200 жоба — әлемді өзгертуге ұмтылған шағын ғаламдар

🔹 Байқау 12 секция бойынша өтті.
Әр секцияда – тәжірибелік жобадан бастап, өнертапқыштық бағыттағы түрлі жұмыстар ұсынылды.

💛 Ерекше қуантарлығы – облыстың 13 ауданынан келген ауыл оқушыларының белсенділігі!
Олардың жолы жайлы әрі көңілді болуы үшін арнайы осы балаларға дәмді сыйлықтар дайындалды: шоколад, самса, тоқаш, банан және шырын – жүректі жылытатын кішігірім қамқорлық.

🌟 Байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздардың жұмыстары республикалық кезеңге қатысу үшін ұсынылады.

🎉 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздердің идеяларыңыз — болашаққа бастар жарқын жол!

📌 Байқау хаттамалары «Қызылжар дарыны» орталығының сайтында қолжетімді.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы