22–24 қараша күндері Астана қаласында 7 ел: Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Саха Республикасы және Қазақстаннан келген 250 қатысушысының басын қосқан, «STEM Олимпиада – Білім Берудегі Инновациялар» Халықаралық олимпиадасы өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының командасы «Роботтар шайқасы» бағыты бойынша ЖЕҢІМПАЗ атанғанын зор мақтанышпен хабарлаймыз! 🤖🏆
Облыс намысын «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының оқушылары:
🔹 Жаров Алихан (11-сынып)
🔹 Хамидулин Эмиль (11-сынып)
🔹 Амелин Илья (10-сынып)
лайықты түрде қорғады.
Оқушылар робот шайқасында үздік өнер көрсетіп, инженерлік ойлау, технология және командалық жұмыстың табысқа жетелейтінін дәлелдеді! 🚀
👏 Информатика пәнінің мұғалімі Симчера Кирилл Ивановичке алғыс білдіреміз! Ол тек команданың жеңіске жетуіне жол көрсетіп қана қоймай, осы олимпиадада мұғалімдер арасында да 1-орынды жеңіп алды! 💪🎉
Жеңімпаздарды және олардың жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер — өңіріміздің мақтанышысыздар!



