🚀 III Республикалық ауылдық олимпиада жалғасуда!

Үш күн бойы облыстың барлық аудандарында олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде.
Бүгін — жарыстың екінші күні, алда — шешуші кезең!

📊 Мектепішілік кезеңге қатысқан 2584 оқушының ішінен 1846 үздік оқушы smart.daryn.kz платформасында онлайн бақ сынауда.

✨ Бұл олимпиада — өзіңді көрсетуге, күш-жігеріңе сенуге және ауыл жастарының да жеңіске лайық екенін дәлелдеуге мүмкіндік!
🏆 Барлық қатысушыларға сәттілік пен жарқын нәтиже тілейміз!

↑