🎉 Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында өңір намысын қорғаған дарынды оқушыларымыз жүлделі нәтижемен оралды.
✨ Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын терең зерттеп, сөз өнерін жоғары деңгейде таныта білген жас зерттеушілеріміз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сәтті көрсетті.
🏅 Жамбыл ауданы, «Қожаберген жырау атындағы ЖОББМ» КММ 9-сынып оқушысы Сәрсен Мөлдір – ІІІ орын иегері атанды.
Шал ақын ауданы, «К. Салықов атындағы ОМ» КММ 10-сынып оқушысы Есқақ Аяулым ерекше өнері үшін грамотамен марапатталды.
Дарынды шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Ілияс мұрасы жас ұрпақпен бірге жасай берсін!




