Ағымдағы жылдың 11 қазанында облыстың инновациялық мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін онлайн форматта «Жоғары лига» жаратылыстану-математикалық циклінің жалпы білім беретін пәндері бойынша облыстық олимпиада өтетінін хабарлаймыз. Олимпиаданың әрбір қатысушысы ұсынылған пәндердің біреуінен ғана қатысады. Тапсырмалар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, таңдау бойынша болады.
Академиялық адалдықты сақтау үшін олимпиаданы өткізудің барлық процесі YouTube трансляциясы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі
Олимпиада жалпы ұзақтығы 1 сағат 40 минут болатын 2 турда өтеді.
📌 1 тур-тестілеу, ұзақтығы-40 минут;
📌 2 тур-есеп шығару, ұзақтығы-1 сағат.