🎉 1 маусым күні СҚО оқушылары Алматы қаласында өткен «Жасанды интеллект дәуірі: II Жас зерттеушілер форумы» аясында өз жобаларын сәтті таныстырды.
📌 Форум еліміздің барлық өңірлерінен келген 400-ден астам дарынды оқушыны біріктірді.
🔹 Бүкеш Әділбек – Шал ақын ауданы Қ. Салықов атындағы ОМ оқушысы, «Жасанды интеллект негізінде жол бағыттарын цифрландыру» жобасын ұсынды.
🔹 Байманов Санжар – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы, «Жасанды интеллект негізіндегі ақылды автотұрақ» жобасын таныстырды.
🔹 Елемес Елжас – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы, «Bizora – бизнесті басқаруға арналған ИИ-платформа» жобасын ұсынды.
Қатысушылар құнды тәжірибе жинақтап, пікірлес замандастарымен танысып, идеялар алмасып, жасанды интеллект саласындағы жаңа мүмкіндіктерден шабыт алды.
Жас зерттеушілерді сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер, тың жобалар мен жарқын жеңістер тілейміз! 🚀




