✨Солтүстік Қазақстан облысының оқушыларына алғаш рет «Дарын» желісі бойынша зияткерлік конкурстарға қатысқаны үшін білім гранттары табысталды.
Бұл қадам оқушылардың академиялық жетістіктерін мойындау және олардың болашағын қолдаудағы маңызды бастама.
🎓 Соңғы қоңырау күні Kozybayev University облыс пен қала мектептерінде өткен салтанатты жиындарда 14 білім беру сертификатын табыстады.
Бұл сертификаттар келесі республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген түлектерге берілді:
* Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
* Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
* Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада.

🏅 Марапатталған түлектер:
1. Шорман Жасмин — Әлихан Бөкейхан атындағы №25 ОМ, Петропавл қ.
2. Трункин Егор —«ЛОРД» лицейі
3. Акопян Маргарита — «БЭСТ» гимназиясы, Петропавл қ.
4. Купина Татьяна — №1 Чкалов ОМ, Тайынша ауданы
5. Джаксалыкова Ясмина — «ЛОРД» лицейі
6. Капустин Игорь — «БЭСТ» гимназиясы,
7. Шакирова Розалия —«ЛОРД» лицейі
8. Бейсембаева Аружан — Озерная ОМ, Қызылжар ауданы
9. Құрмашев Әлтайыр —«Білім-Инновация» лицейі
10. Амангелді Досмадияр — «ЛОРД» лицейі
11. Ешманов Арыстанбаба — «ЛОРД» лицейі
12. Марлепова Аружан — Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия
13. Сиромская Оксана — Бескөл мектеп-колледжі
14. Мусина Гаухар — Кеңес ОМ, Шал ақын ауданы
❤️ Солтүстік Қазақстан облысының мақтанышына айналған жұлдыздарымызды құттықтаймыз!
Kozybayev UNIVERSITY ұжымына дарынды оқушыларымызға қолдау көрсетіп, өңіріміздің зияткерлік әлеуетіне назар аударғаны шын жүректен алғыс айтамыз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы