«Қызылжар дарыны» орталығы инновациялық мектептердің 9 -11 сыныптарында оқитын үздік оқушыларды «Жоғары лига» олимпиадасына қатысуға шақырады.
Олимпиада ЖМБ бағытындағы бес пән бойынша өтеді:
математика • физика • химия • биология • география
Әрбір мектептен 9, 10 және 11 – сыныптар арасынан әр пән бойынша үздік оқушылар іріктеліп, 15 қатысушыға дейін команда жинақталады.
Команда құрамы міндетті мектепішілік іріктеу нәтижелері бойынша анықталады.
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен марапатталып, квота алу мүмкіндігіне ие болады.
📅 Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін қабылданады.
Өз деңгейіңді көрсет. «Жоғары лигаға» қадам бас!

