Бүгін біз облыстық «Қайырлы таң» таңғы бағдарламасына қатысып, эфирді алдын ала жазып алдық. Бағдарлама ертең сағат 09:00-де көрсетіледі — баршаңызды тамашалауға шақырамыз! 🌞📺
Эфир барысында, облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанып, енді Республикада өңіріміздің намысын қорғайтын жас зерттеушілердің жобалары мен дайындықтары туралы айтылды. Олар — «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары.
Эфирге қатысқан жас таланттар:
🔸 Серік Жасмин мен Тургунова Нұрай, 5-сынып, «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия»
— Этномәдениеттану секциясы бойынша топтық жобаларын қорғады.
Жоба тақырыбы: «Ұлттық өнерді жас ұрпаққа жеткізудің тың жолы»
Жетекшісі: Қвайдулов Байымбет Асылханұлы
🔸 Сәбит Қуаныш,
4-сынып, «Әл-Фараби мектеп-лицейі»
— Физика, космос секциясы бойынша жеке жобасын таныстырды.
Жоба тақырыбы: “Магниттік левитация”
Жетекшісі: Ельжасова Ардак Мажитовна
Эфирді ерекше жылы әрі кәсіби деңгейде жүргізген журналист Қаршыға Әділханқызына алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, түсірілімнің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Qyzyljar TV телеарнасына ризашылығымызды білдіреміз.
Біз толқығанымызбен, бағдарлама ұжымы қолайлы жағдай жасап, түсірілім өте сәтті өтті. Жас зерттеушілерімізге — республикалық кезеңде сәттілік, жаңа идеялар және үлкен жеңістер тілейміз!
📺 Ертең «Қайырлы таң» бағдарламасын тамашалауды ұмытпаңыз!



