🧪 27 қазан мен 1 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің 100-ден астам оқушысын біріктірген, 9–11(12) сынып оқушылары арасында Қ. Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Бұл байқау. Бәсекелестік өте жоғары болды!
🌍 Солтүстік Қазақстан облысының намысын үш оқушы қорғап, өз білімдері мен табандылықтарын лайықты түрде көрсетті.
💫«Лорд» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Егор Карабалин олимпиадада қола жүлдеге ие болғанын ерекше мақтанышпен хабарлаймыз! 🥉
👏 Егорды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға облысымыздың абыройын лайықты қорғап, білімге деген ынта-жігер мен табандылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз.



