Қазақстанның мектеп оқушылары арасындағы ең беделді зияткерлік сайыстың бірі — XVIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Биыл 11-сыныптың 172 оқушысы қатысып, олардың ішінде 97— облыстың ауыл мектептерінің оқушылары.
Қатысушылар төрт пән — математика, физика, химия және биология бойынша тапсырмаларды орындады.
Kozybayev University жүргізген 688 жұмысты тексеру нәтижелері бойынша, келесі кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын 20 қатысушы анықталды.
📄 Өңірлік кезеңнің хаттамаларымен «Қызылжар дарыны» орталығының сайтында танысуға болады.