Бүгін «Қызылжар дарыны» орталығы Ustem Foundation қорымен бірлесіп Qyzylzhar FIRST Regional – 2025 аймақтық сайысын өткізді 🚀
Бұл күн 3 санат бойынша бақ сынаған 11 команда құрамындағы 48 оқушыны біріктірген, шын мәнінде шабыт сыйлаған күн болды. Әр команда ұйымшылдықты, табандылықты және технологияға деген шынайы қызығушылықты көрсетті. Өзара қолдау, достық пен командалық рух жарысқа ерекше атмосфера сыйлады ✨
🏆 Байқау нәтижесі бойынша Central Asia First Championship чемпионатына қатысуға квота алған командалар:
— FLL Discover санаты:
— Digital Urpaq Discover – Оқушылар сарайы
— BIL Kids – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты
— FLL Explore санаты:
— РОБО АРХЕОЛОГИ – Оқушылар сарайы
— Digital Kids – Оқушылар сарайы
— FLL Challenge санаты:
— Petro BIL – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты
— Этнос – М. Жұмабаев ауданы, Қарақоға ОМ
🎁 «Қызылжар дарыны» орталығы барлық қатысушыларды тәтті сыйлықтармен марапаттап, олардың еңбегі, батылдығы және технологияға деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдірді.
Қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа жеңістер тілейміз! Алға — жаңа биіктер мен үлкен жетістіктерге!



