✨ «Қызылжар дарыны» орталығы педагогикалық қауымдастық үшін маңызды шара — Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының облыстық кезеңін өткізетінін хабарлайды.
Биыл бұл кезеңге өңірдің 89 шығармашыл, бастамашыл және шабытты педагогы қатысады. 💡🌟

📍 Өткізу күні мен орны:
2025 жылдың 8 желтоқсан күні
КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп»

🕘 Қатысушыларды тіркеу — 9:00
🕙 Байқаудың басталуы — 10:00

Қатысушылар өздерінің үздік әдістемелік жұмыстарын таныстырып, кәсіби шеберліктерін көрсетеді, инновациялық тәсілдерімен бөлісіп, әріптестерімен тәжірибе алмасады.

🍀 Барлық қатысушыларға шабыт, сенімділік, шығармашылық көңіл-күй және сәттілік тілейміз!
Әрбір жұмыс лайықты бағасын алып, өз құрметіне ие болсын! 🌟

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы