17 желтоқсанда «Зерде» байқауының жеңімпаздарын – 2-7 сыныптың талантты және ізденімпаз оқушыларын марапаттаймыз. Әрқайсысына диплом және зерттеу мен шығармашылыққа шабыттандыратын қызықты кітаптар беріледі. 📚✨
Орталықтандырылған марапаттау мақсатында барлық сыйлықтар аудан орталықтары мен Петропавл қаласындағы білім беру бөлімдеріне жіберілді.
8-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің екінші туры 19-20 желтоқсан күндері өтеді. Бұл күндері 138 жеңімпаз бен жүлдегер марапатталады. Әрқайсысына диплом және жаңа идеялар, сыни ойлау мен ғылыми жаңа ашуларға жол ашатын кітаптар беріледі. 🚀
Даналықтың бастауы кітапта, сондықтан да бұл кітаптар балалар үшін шабыт көзі және ұлы жаңа ашулардың бастамасы болатынына сенімдіміз!



