Солтүстік Қазақстан облысы тағы бір мәрте республикалық зияткерлік және шығармашылық диалогтың маңызды алаңы екенін дәлелдеді.

2026 жылғы 23–25 маусым аралығында Петропавл қаласында 8–11-сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары – 2026» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Аталған конкурс 2004 жылдан бері көрнекті қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың туған жерінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Соңғы үш жылдан бері байқауды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының қолдауымен «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастыруда.

Конкурс «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен өткізіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен республикалық іс-шаралар тізбесіне енгізілген.

Биыл байқауға еліміздің барлық өңірлерінен облыстық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 65 оқушы қатысты.

Үш күнге созылған байқау барысында қатысушылар төрт бағыт бойынша өз білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен зерттеушілік әлеуетін танытты:

  • Мағжан Жұмабаев шығармаларын мәнерлеп оқу;
  • ақын шығармашылығы бойынша ғылыми жобаларды қорғау;
  • жас ақындар сайысы;
  • музыкалық номинация.

Биылғы байқаудың ерекшелігі – алғаш рет музыкалық номинацияның енгізілуі. Бұл бағыт қатысушыларға Мағжан Жұмабаев шығармаларын музыка арқылы жаңаша көркемдік тұрғыдан танытуға мүмкіндік берді.

Конкурс аясында қатысушыларға, педагогтерге және делегация жетекшілеріне Солтүстік Қазақстан облысының тарихы мен көрікті жерлерімен таныстыруға, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың рухани мұрасына арналған естелік іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама ұсынылды.

Конкурстың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі – «Қызылжар дарыны» орталығы ұжымының, серіктестердің және республикалық ауқымдағы жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық мамандардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

«Мағжан оқулары» – бұл тек конкурс қана емес, сонымен қатар Қазақстанның дарынды жастарын анықтауға, қолдауға және олардың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды республикалық алаң.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы