2024 жылғы 24-25 маусым аралығында өткізілетін Петропавл қаласында ұйымдастырылған 8-11- сынып оқушылары арасындағы республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми – шығармашылық байқауы 24 маусым яғни бүгін Оқушылар сарайында басталды.

Бүгін таңғы 09:00 сағатта байқауға келген қонақтарды қарсы алдық. Сонымен қатар ашылуы салтанаты ұйымдастырылып, байқаудың қазылар құрамы таныстырылып, ұйымдастырушылар атынан сайыскерлерге сəттілік тіледік. Аталмыш байқау негізінен 3 номинация бойынша өткізілуде.

1. «Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжанның өлеңдерін оқу (жатқа білетін шығармаларын мəнерлеп оқу);

2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған …» — ғылыми жоба жұмысы (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары);

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас дарындар конкурсы (оқушы өз шығармаларын оқиды).

Республикалық Мағжан оқуларында еліміздің 19 өңірінен іріктелген үздік 52 оқушы бақ сынауда. Байқауға келген қонақтарды қаланың көрікті жерлерін көрсету мақсатымен Абылай хан резиденциясы мен Ислам мəдениеті орталығына арнайы апардық. Еліміздің əр өңірінен келген қонақтардың көңіл күйі жоғары болды.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы