28 – 30 қыркүйек күндері Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданында ауыл мектептерінің 9 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың мектеп кезеңі өтті.
Оқушылар білімдерін сынап, өз пәндері бойынша үздіктер қатарынан көрінуге мүмкіндік алды.
Алда – аудандық кезең! 🚀
📍 7 – 9 қазан күндері білім додасының келесі кезеңі өтеді.
Алға, жас зияткерлер! Жаңа белестер мен жарқын нәтижелерге бірге қадам басайық! 🏆✨

