Туған өлкенің тарихын қалай сақтаймыз? Тарихи жәдігерлер бізге не айтады? Ел тарихында із қалдырған тұлғалар туралы не білеміз?
Бүгін «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар байқауының облыстық кезеңінде 9-10 сынып оқушылары зерттеу жобаларын ұсынды. Аудандық және қалалық кезеңдерге қатысқан 110 оқушының ішінен 38 финалист іріктелді.
💡 Байқау екі кезеңнен тұрды: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және зерттеу жобаларын қорғау. Төрт номинация бойынша оқушылар туған өлкенің тарихын, мұрасын және болашағын өз көзқарастарымен таныстырды.
🏆 Алда – республикалық кезең! Жеңімпаздар Тараз қаласында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды.
Туған өлкенің тарихын тану – ел тарихын терең түсінудің бастауы.

