2025 жылғы 8 қараша күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің I туры өтеді.
📊 Байқауға өңір бойынша 8–11-сыныптарының 117 оқушысы қатысуға өтінім берген.
🔎 Конкурс жаңа форматта – «көрме-жәрмеңке» түрінде өтеді. Әр қатысушы жеке стендте өз ғылыми жобасын ұсынып, зерттеу нәтижелерімен таныстырады.
📍 Өтетін орны: Петропавл қаласы, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ы. Ыбраев көшесі, 22а.
✨ Бұл күн жаңа идеялар, ғылыми жаңалықтар мен жарқын жетістіктердің бастауы болсын!
Қатысушыларға шабыт және жоғары деңгейде жобаларын қорғауды тілейміз! 💡



