Петропавл қаласымен қатар, облыстың жеті ауданында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада қатысушылары келесі білім беру орындарында бас қосты:
🏫 Сергеевка қ (Шал ақын ауданы);
🏫 Тимирязево с. (Тимирязев ауданы);
🏫 Саумалкөл ауылы (Айыртау ауданы);
🏫 Кішкенекөл ауылы (Уәлиханов ауданы);
🏫 Талшық ауылы (Ақжар ауданы);
🏫 Новоишим а. (Ғ. Мүсірепов ауданы);
🏫 Тайынша қаласы (Тайынша ауданы).
Барлық локацияларда оқушылар тіркеуден өтіп, тапсырмаларын алып, зияткерлік сайыс атмосферасына енді 💪
Мұғалімдер, әдіскер-үйлестірушілер мен білім бөлімдері іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатысушыларға қолайлы жағдай жасады.
✨ Әр аудан – еліміздегі ауыл мектептерін біріктіретін маңызды республикалық оқиғаның бір бөлшегіне айналды.
Алда – жаңа ашылулар мен жарқын жеңістер! 🏆









