Құрметті оқушылар!
Ауыл мектептерінің 9 – 11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға тіркелу басталды.
Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 14 – 20 қыркүйек
Платформа: smart.daryn.kz
Тіркелу үшін постердегі QR – кодты сканерлеп, олимпиаданың ережесі мен тіркелу жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз.
Маңызды: тіркеу кезінде барлық мәліметтерді мұқият әрі дұрыс енгізіңіз. Тіркеу аяқталғаннан кейін енгізілген ақпаратты өзгерту немесе толықтыру мүмкін болмайды.
Олимпиаданы өткізу жөніндегі нұсқаулықпен ресми сайтта танысуға болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

↑