Олимпиаданың өңірлік кезені 2023 жылғы 3 қазан күні сағат 10.00-де еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде өтті. Іс-шараға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты. Әрбір қатысушы «Математика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс. Есептерді шешуге 2 астрономиялық сағаттан аспайтын уақыт бөлінді.
• Біздің өңірден 128 оқушы қатысты. Олимпиада оқушылар Сарайында өтті.
• Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданы өткізу процесі youtube арнасына трансляцияланатын аудиториялардын бейнебақылау жуйесімен қамтамасыз етілді. Қатысушылардың жұмыстары шифрланып, тексеру үшін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар қурамы арасынан облыстық қазылар алкасына берілді. Өңірлік кезеннің нәтижелері бойынша 20 катысушы іріктеу кезеңіне өтті.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы