Петропавл қ. робототехника бойынша «RED FEST» аймақтық іріктеу кезеңі өтті

▫️2024 жылдың 6 сәуірінде «Оқушылар сарайы» МКҚК базасында «Болашақ инженері» жобасына қатысқан білім беру ұйымдарының оқушылар үшін «RED FEST» робототехника және бағдарламалау ашық халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
▪️Байқаудың максаты – оқушыларының роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалауға және жетілдіруге мүмкіндік беретін техникалық шығармашылығын дамытуға жағдай жасау.
▫️Іріктеу кезеңіне қатысушылар саны 8 ауыл мектебінен 53 оқушыны құрады. Байқау қорытындысы келесі бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: сызық бойымен қозғалу, сумо, шығармашылық санат.
▪️Облыстық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2024 жылдың күзінде Астанада Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларусь және өзге елдер командаларының қатысуымен өтетін халықаралық фестивальге жолдама алады.
▫️Облыстық іріктеу кезеңінің нәтижелері kyzylzhardaryny.edu.kz сайтында орналастырылған.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы