2024 жылының 05 ақпанында облыстың білім беру ұйымдарының STEM-пәндерінің 20 мұғалімі 3D-модельдеу және робототехника бойынша оқытудан өтеді. Жоба АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылды. Тренинг қорытындысы бойынша мұғалімдер 3D-модельдеу және робототехника негіздерін меңгере алады, датчиктерді қосуды және Arduino контроллері негізінде жобаларды құру және іске асыру үшін AutoDesk 123d Design бағдарламасын пайдалануды үйренеді.
2024 жылғы 15 наурызда «Makerspace Hardware Projects» облыстық финалдық турнирінде оқытушылар оқушылармен бірлесіп 3D-модельдеу және робототехника бойынша өз білімдерін көрсетеді.