2024 жылдың 15 наурызда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында робототехника бойынша «Makerspace Hardware Projects» байқауының финалдық турнирі өтті.

Іс-шара оқушылардың жобалық робототехникаға қызығушылығын арттыру, 3D-модельдеу, бағдарламалау және электроника саласындағы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Турнирге 40 оқушы және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Дарын» РҒПО-мен серіктестікте жүзеге асырылған «STEM Teacher’s Training» бағдарламасы аясында оқыту тренингінен өткен облыс мектептерінің 20 педагогі қатысты. Мұғалімдер бүгінгі турнирде алған білімдерін оқушыларды дайындау барысында пайдалана отырып, өз дайындықтарының нәтижелерін көрсетті.

Қатысушылар іс-шара барысында робототехника саласында инновациялық жобалар ұсынды. Қазылар алқасының шешімі бойынша турнирдің жеңімпаз пен жүлдегерлері:

  1. -орын: Головин Даниил, Мирзазада Даниил — Петропавл қ. №5 ОМ; педагогі — Путятина Татьяна Юрьевна
  2. -орын: Кенжетаев Алмас, Базарбай Мирас — М.Жұмабаев ауданының Қарақоға ОМ; педагогі — Топишев Ербол Жумабаевич
  3. -орын: Қаиржан Ерасыл, Таласпай Асанәлі — Петропавл қ. Қожаберген Жырау ат. №6 ОМ; педагогі — Искаков Думан Сайлаубекович.

Мұғалімдер мен оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бейнені қараңыз

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы