▫️2024 жылғы 26 наурызда «Қызылжар дарыны» орталығы «№7 орта мектеп» КММ базасында «Робототехника негіздерін білім беру қызметінде пайдалану» тақырыбында бірінші облыстық семинар өткізді.

▪️Іс-шара оң педагогикалық тәжірибені тарату арқылы робототехника саласында тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге бағытталған.

▫️Семинарға СҚО әкімдігінің Білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері – Мурзабаева Айжан Саркытовна, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры – Уалиев Данияр Серикович, білім беру бөлімдердің әдіскерлері, облыс мектептерінің информатика мұғалімдері қатысты.

▪️Семинар барысында спикерлер білім беру робототехникасын оқытудың негізгі әдістерін, World Robot Olympiad дүниежүзілік олимпиадасының форматтары және санаттарын қарастырды, сонымен қатар Lego Mind Storms EV3 және Spike Prime конструкторлармен жұмыс тәжірибесін көрсетті.

▫️Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, педагогтердің қызықты тәжірибесін атап өтті.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы