2025 жылғы 21 қазанда Петропавл қаласындағы «Дарын» лицейі базасында XVIII Президенттік олимпиада өтті. Бұл – 11-сынып оқушылары арасындағы ең беделді зияткерлік сайыстардың бірі.

Биыл олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен 493 жоғары сынып оқушысы қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының намысын аймақтық (бірінші) кезеңнен сүрінбей өткен 20 дарынды оқушы қорғады.

Сайыс нәтижесінде облысымыздың 9 оқушысы жоғары нәтиже көрсетіп, Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде өңіріміздің атынан бақ сынау құқығына ие болды.

✨ Дарынды оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа белестер мен жарқын жеңістерге жете беріңіздер!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы