Бүгін ауыл мектептерінің 9–11- сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың финалдық кезеңінің қатысушылары үшін Zoom арқылы нұсқаулық өткізілді. Олимпиада Астанада 9–13 желтоқсан аралығында өтеді және қоғамдық-гуманитарлық бағыттың жеті пәнін қамтиды.
Солтүстік Қазақстан облысының намысын 27 дарынды қатысушы 🌟 қорғайды. Оқушыларға, педагогтер мен ата-аналарға олимпиаданы өткізу, жатын орнындағы мінез-құлық қағидалары және жол жүру кезіндегі🚆 қауіпсіздік техника ережелері түсіндірілді.
Командаға сенімділік, жаңа білім және жоғары жетістіктер тілейміз! Әрбір қатысушы өңіріміздің намысын лайықты қорғасын! ✨🏆



