2024 жылғы 31 мамыр күні Петропавл қаласындағы «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей» базасында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г.Т.Нурмухамбетовтың дарыңды балалармен жыл сайыңғы дәстүрлі кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың білімге деген құштарлығы үшін, республикалық жарыстарда қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс айту, ауылдық және қалалық мектептерде олимпиадалық қозғалысты насихаттау және дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп – гимназиясының.
10 сынып оқушысы Хамит Төрегелді — республикалык кезенінің екінші орын иегері Солтүстік облысының әкімі және кездесуге қатысушылармен озінің жоспары мен жетістіктерінің құпияларымен бөлісті.

Облыс әкімі оқушыларга республикалык іс-шараларда Солтүстік жерін лайықты қорғап жүргендері үшін алғысын білдіріп, оларға табыс және өз жерінің патриоты болып қала беруін тіледі.

Кездесу барысында зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылык конкурстардың алтын, күміс және қола медаль иегерлеріне — 9-11сынып оқушыларына 50 000, 75 000 және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.
Қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бейнені қараңыз

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы